Көмірдей қара қыз сән әлемінде төңкеріс жасады (фото)
Оңтүстік Судан елінен шыққан 24 жастағы қара нәсілді Ньяким Гатвех сән әлеміне өзгеріс әкелді.
Фото: Bored Panda
Бойжеткен бір кездері көмірдей қара түсінен ұялып, ағаруға тырысқан. Алайда, табиғилықтың әдемі екенін түсініп, өзін жақсы көріп үйренді.Тіпті ерекше қаралығының арқасында табысқа кенелді.
«Менен неге терімнің түсі ерекше қара деп сұрап жатады. Мен оған қалай жауап берем. Мен өзімді жаратқан жоқпын ғой», – дейді бойжеткен.
Миннеаполисте тұратын қыз қара нәсілділерді белсенді түрде қолдап отырады.
Модель қыздың танымалдығы арта бастағаны сонша, оның желідегі парақшасында 100 мыңнан астам адам жазылды.
Оған әлдекім «Қараңғылық ханшайымы» деген ат қойған. Бойжеткен бұл атты жақсы қабылдағанын айтады.
Ол қазір өзіне жазылған жағымсыз пікірлерге мән бермейді.
«Менің терім күн сәулесін шашыратып, шашым гравитация әсерін береді. Бұл менің сиқырлығымды білдірмей ме?», – дейді ол.
Тағы да оқыңыз:
Көмірдей қара қыз ерекше келбетімен ғаламторда жұлдызға айналды (фото)
Қасқырлардың сирек кездесетін түрі: Олар мұхитта тіршілік етіп, суда еркін жүзеді (фото)