Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көмек көрсетуге уәде берген әншінің директоры Алтын алқа иегерін ұрысып тастады

Алматы облысында 8 баласымен далада тұрып жатқан анаға көмек қолын созуға уәде етіп, хабарсыз кеткен әншілерді Stan.kz  тілшісі іздеп көрді.

көмек

Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа журналистерді жинап, алтын алқа иегерінің  тұрып жатқан үйіне азық-түлік жеткізіп берген еді. Одан бөлек  өзі 500 мың теңге беретінін айтып, қалталы азаматтардың басын қосып, Ораза айының соңына дейін жер мәселесін шешіп беруге уәде еткен еді.

Содан бері Толқынай Неметқұлова  бірнеше рет хабарласып, әншінің өзімен сөйлесе алмапты. Біз хабарласқан кезде өзін Әбдіжаппардың көмекшісі деп таныстырған Бақдәулет есімді азамат барлық сұрақтарды өзіне қоюға болатынын айтты.

114DC2DF63DAF959F4507D8AA8D05B3E4D24BD2FB29E3E2416pimgpsh_fullsize_distr

«Осы бүгін ғана бір жігітпен сөйлескен едік. Жақын арада қолға аламыз деп келістік. Әбдіжаппардың өзі Ақтөбеде концертпен жүр. Бұл мәселені ұмытқан жоқпыз. Алдағы уақытта шешетін боламыз. Істі қолға алған кезде барлық ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшамызға жазатын боламыз», – деді Әбдіжаппардың көмекшісі.

Ал әнші Айқын «Кешкі кездесу» бағдарламасында «Біз де бай адамдардың қатарына жатамыз, мен өзім осы отбасыға бір концерттен түскен қаржының барлығын беремін» деп уәде еткен. Толқын апаның айтуынша, ол көмекшісі арқылы 80 мың теңге беріп жіберген. Stan.kz сайтының тілшісі қаражатты Толқын апайға табыстаған Айқынның көмекшісімен де тілдесті.

«Біздің бір концерттен түсетін пайдамыз шамамен 80 мың теңгені құрайды. Көмек есебінде бұл аз ақша емес. Мен Толқын апайға қаражатты өз қолыммен табыстадым. Ал ол кісінің рахмет деп айтуға жарамағаны қайран қалдырды. Түптеп келгенде, баспанасыз қалған 8 бала Айқынның балалары емес қой…», – деп ашулана сөйледі әнші Айқынның көмекшісі.

Айқынның өзі болса жоспарлаған концерттің болмай қалғанын айтып ақталды. Дегенмен, «уәде- құдай сөзі» деген азамат  атаған көмегін қалай да беруге тырысыпты.

tauap-1

«Ол бағдарлама тусірілімінен соң, екі аптадан кейін Сулейман Димирел университетинде кайырымдылык концерт ұйымдастырайын дегенмин. Сондай ұсыныспен сол оқу орнынан хабарласкан болатын. Бастапқыда, дәл сол концерттен түскен ақшаны бере саламын деп уәде берген болатнынмын. Ол оқу орнының акт залы шамамен 250 адамға арналған.

Қайырымдылық концерт өткізсек, кіру құнын 500 теңге деп белгіледік. Шығындарды есепке ала келе, сол сома шығады. Бірақ кейін университеттен хабарласып, «концерт болмайды, сессия басталып келе жатыр, оған қоса, басқа да іс-шараларымыз  бар», – деді. Кейін сөзім жерде қалмасын деп, өзім 80 мың теңге беріп жібердім. Сондықтан мен айткан сөзімді орындадым», – дейді әнші.

Расымен де, Айқынның азаматтығына ешкім шүбә келтірген жоқ. Тек, 8 баланың анасы өзін қалталы азаматтар қатарына жатқызған әншіден домалақ сома дәметкені жасырын емес. Әрине бағдарламаны тамашалаған көрермен де солай ойлағаны анық.

Бірақ, Алтын алқа иегері ешкімді мәжбүрлемейтінін, әншіге алғысы шексіз екенін жеткізді. Ал күннің ыстығы мен суығына қарамастан көктемнен бері далада тұрып жатқан отбасыға жергілікті әкімдік еш көмек көрсетпеген. 8 баланың анасы «Ешкім маған көмек көрсетіп, жағдайымды жасап беруге міндетті емес» дейді.

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жер мәселесін шешіп берер болса, далада қалған отбасы  қысқа дейін бір бөлмелі етіп болсын үй салып алуды армандап отыр.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым

Қайрат Нұртас: Менімен дуэт орындағаны үшін Нюшаға ештеңе төлеген жоқпын

Қайрат Нұртас: Магистр атанғалы өзімді жақсы сезініп жүрмін

“Меломен” тобы махаббат туралы телехикая түсірмек

 

Талқылау