Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қомақты қаражат ұрлап кеткен: Шымкентте жергілікті тұрғынды өлтірген күдікті ұсталды

18 маусымда Шымкент қаласында өртенген үйдің ішінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. 29 шілдеде полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қомақты қаражат ұрлап кеткен: Шымкентте жергілікті тұрғынды өлтірген күдікті ұсталды

Шымкент қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 2019 жылдың 29 шілдесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен қала тұрғынын өлтірген күдікті ұсталды. Ол ауыр қылмыс жасағаннан кейін жалпы сомасы 1 100 000 теңгеден астам алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Полиция  қызметкерлері қаскүнемнің ұрланған ақшаға автокөлік сатып алғанын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру»,  «Қарақшылық» және «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотымен ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу шаралары жалғасуда.

Талқылау