Қолы жоқ ер адам мүгедек анасын асырап отыр
Чэнь Синь-Иньнің өмірі өте ауыр. Ол жеті жасында тоққа түсіп, екі қолынан бірдей айырылған.

Чэнь қолынан айырылғанына қарамастан, егістікте жұмыс істей бастаған. 20 жасында әкесі дүниеден озған соң, мүгедек анасымен жалғыз қалады. Уақыт өте келе анасының жағдайы нашарлай түскен.

Әлдебіреулер Чэньге қайыршылықпен айналысуға кеңес берген. Ашуланған ол аяғының сау екенін айтып, бас тартқан.

Екі қолы жоқ болса да, ас ас әзірлеп, себет тоқып, егістікте де жұмыс істейді. Ол 2014 жылдан бері 91 жастағы анасына күтім көрсетіп келеді. Тіпті, қасықты тістеп анасын тамақтандырады.

Десе де қыста Чэньнің өмірі қиындай түседі. Шұлық кию қиындық туғызатындықтан, кейде аяғы үсіп қалады екен.
Жіберіп алмаңыз:
Германия тұрғындары Қазақстаннан естелік ретінде татуировка жасатуда
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар