Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолымыздан келді": Ninety one тобындағы Alem әке атанды

Alem лақап атымен танымал “Ninety One” тобының мүшесі Батырхан Мәліков алғаш рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/xcialem

Өнер иесі сүйінші жаңалықты жеке парақшасында жариялады. 

“Қолымыздан келді. Кеше ұлымыз дүниеге келді", – деп жазды топ солисі. 

Айта кетейік, топ мүшесі жеке өмірінен сыр шертіп, әйелінің метис екенін айтқан еді. 

“Жарымның есімі – Вероника, тегі – Жаңғал, әкесінің аты – Болат. Метис, жартылай қазақ, жартылай орыс. Верониканың негізгі мамандығы – финансист. Бір кездері біздің топта менеджер болып жұмыс істеген. Кейін жұмыстан шығып кетті, содан араға бір жарым жыл салып сөйлесіп кеттік. Бастапқыда дос болып жүргенбіз, кейін достық махаббатқа ұласты. Қазір Вероника – модель. Киімдерді үйлестіру – өзінің хоббиі. Өте еңбекқор. Менің мотиваторым. Анам мен әйелімнің қарым-қатынасы өте жақсы. Орамал тағып, сәлемін салады”, – деген еді өнер иесі. 



Одан кейін көп қыздың арманына айналған әнші мектеп кезінен бері қыздармен сөйлесе алмайтынын мойындады.

“Мен негізі қыздармен сөйлескен емеспін, сөйлесе алмаймын да. Мектептен қыздармен тіл табысып жүретін, өзіне сенімді жігіттердің қатарынан емеспін. Озат оқушы да болмадым. Керісінше, әркімге бір жалтақтап жүретін, мұғалімдерге компьютермен көмектесіп, ән айтып жүретін балалардың бірі едім. Содан менің басымда “қыздарға ұнамаймын” деген ой қалыптасып қалған. Тіпті қыздар арасында осылай танымал боламын деп те ойламаппын”, – деп күлген еді өнер иесі. 

Талқылау