Өзін ұрлап кеткен оқушы қыз көлік багажында жатып анасына хабарласып үлгерген
Оренбургте ұрланған қыз көліктің жүк салғышында отырып анасына хабарласқан. Осы қоңыраудың арқасында оны құтқарып қалу мүмкін болды.
Қызының қоңырауынан кейін анасы бірден полицейлерге хабарласқан. Нәтижесінде 12 жастағы қыз аман-сау табылды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 17 қаңтар күні түскі сағат 15:00 шамасында болған. 17 қаңтар күні 12 жастағы қызды белгісіз ер адам ұрлап, оны “Лада Гранта” автокөлігінің жүк салғышына күштеп отырғызған. Жүк салғышта отырған қыз әуелі анасына смс-хабарлама жіберіп, артынша аз-маз тілдескен.
Тәртіп сақшылары бұзақыны да қолға түсірді. Ол 29 жастағы ер адам екен. Ол жасөспірім қызды ұрлап кеткенін мойындады.
Оренбург облыстық тергеу комитетінің хабарлауынша, табылған қыз өзін жақсы сезінуде. Аздап қорқып ғана қалған. Денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға жатқызылмапты.
Жіберіп алмаңыз:
Пәкістанда ер адам жүріп бара жатқан көлікті жөндеп таңғалдырды (видео)
7 жасар қырғыз баласы апаттан қаза болған отбасын соңғы сапарға шығарып салды (видео)
Ресейде Лексус мінген қыз өрт сөндіру мен жедел жәрдем көлігін өткізбей қойды (фото)