Көлікті қалай болса, солай айдайды: Ақмола облысында әкім қызметінен қуылды
Мас күйінде көлік жүргізген Ақмола облысы Бурабай кентінің әкімі Талғат Амантаев жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz бағдарламасына сілтеме жасап.
Щучинск қаласының жол сақшылары Талғат Амантаевты түнгі уақытта дәмхананың жанында тоқтатқан. Медициналық талдаудың нәтижесіне сәйкес, әкімнің жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Осыған байланысты, Бурабай аудандық сотының қаулысымен Талғат Амантаев кінәлі деп танылып, оған үш жыл бойы автокөлік жүргізу құқығынан айыру жөніндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
«Өз кінәмді мойындаймын. Үйде ұйықтап жатқанмын. Танысым хабарласып, ауруханаға апаруды сұраған соң, рөлге отырған едім. Мүмкіндік беруді өтінемін», - дейді әкім.
Әдеп кеңесінің мүшелері өз кезегінде бір ауыздан әкімді қызметінен босату туралы шешім қабылдады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”