Көлікте қуаттауға қалдырған Samsung Galaxy Note 7 смартфоны жарылып, автокөлік өртенді
Флорида штатындағы Сент-Петерсберг қаласында жергілікті тұрғын өзінің Grand Cherokee автокөлігінде Samsung Galaxy Note 7 смартфонын қуаттауға қалдырып кеткен.
Кейінірек гаджет жарылып, болжам бойынша, автокөлік өртіне себеп болған.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндірді, бірақ көлікті аман алып қала алмады, ол түгі қалмай өртеніп кеткен.
Штаттың өрт сөндіру қызметі және Samsung компаниясы оқиғаның анық-қанығына көз жеткізуде.
Автокөлік иесі Натан Дорнакер өртеніп жатқан Grand Cherokee суретін өзінің Facebook парақшасына жариялады.
Бұған дейін оңтүстіккореялық Samsung компаниясы құрылғының ақауларын жөндеу үшін Galaxy Note 7 смартфонының сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Ресей тұрғыны интернеттегі “анонимді” адамның тапсырысымен көлікті өртеп жіберген
Қарағандыда төрт жасар бүлдіршін көлікте өртеніп кетті
Талқылау