Ресей тұрғыны интернеттегі “анонимді” адамның тапсырысымен көлікті өртеп жіберген
Ресей полициясы көше бойында көлікті өртеген адамды ұстап, тұтқынға алды.

Фото: ok-turkey.com
Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.
Ұсталған адам “көлікті өртеу туралы тапсырысты” сайттардың бірінен көріп қалғанын айтыпты. Ол қатты ақша қажет болғандықтан, 25 мың рублге келісіп, иномаркаға от қойған.
Әуелі көліктің капотына бензин құйып, оны жаққан. Осыдан соң оқиға орынына қашып кетеді. Кейін ол “анонимді” адамға хабарласып қашан ақша беретінін сұраған кезде, әлгі “танысы” еш жауап қатпай, желіден шығып кеткен.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады