Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлікпен адамдарды басып өткен: Зардап шеккендердің бірінің туысы күдіктілердің анасының сөзін жоққа шығарды

Алматыда көлікпен адамдарды мыжып өткендердің жаңа видеосы пайда болғаннан кейін, зардап шеккендердің бірінің туысы мәлімдеме жасады.

Көлікпен адамдарды басып өткен: Зардап шеккендердің бірінің туысы күдіктілердің анасының сөзін жоққа шығарды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дарина Ибрагимованың сөзінше, оқиға салдарынан ағасы Станисалав Әлиев зардап шеккен.  Қыздың айтуына қарағанда, оларға шабуылдағандар саны екіден көп болған.  

Сонымен қатар Дарина Ибрагимова күдіктілердің анасының олардың қорғанбақ болғаны туралы сөзін жоққа шығарды.

Оның сөзінше, ағасы жігіттерді тоқтатпақ болған. Оны таяуда жарияланған видеодан да көруге болады. Алайда ашуған мінген жастар ешкімнің сөзіне құлақ асқысы келмеген.

«Күдіктілердің анасы айтқандай, шабуылдаған жігіттер «өлгенше» соққыға жығылған жоқ. Видеодан ағамның (қара түсті футболка киген – ред.) ол жігіттерді тыныштандырмақ болғаны көрінеді. Алайда олар бәрі-бір көлікке мініп, адамдарды қақты. Бұл оларды ақтап ала алмайды», - дейді Дарина Ибрагимова.

Еске салсақ, 26 тамыз күні Алматыда көлікті қару ретінде пайдаланған төбелес болды. Оқыс оқиға Бостандық ауданындағы Гагарин-Дружба көшелерінің қиылысында таңғы сағат бес шамасында орын алғаны хабарланған болатын. 

Ал күдіктілердің анасы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді. Ол сол түні ұлдарының туысының туған күнін атап өткенін айтты. Жігіттер дәмханадан шыққан кезде, оларға 13 адам тап берген, дейді. 

Мұнан кейін көліктің астында жаншылып, зардап шеккен ер адам да сол түні не болғанын баяндады. Ол төбелесті қарсыластарының бастағанын, өздерін біреулермен шатастырған болуы мүмкін екенін айтты.

Талқылау