Көлік жүргізушісі қаза тапты: Астанада жантүршігерлік жол апаты болды
Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 20 наурыз күні сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.
"Үш көліктің - Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - деді елордалық полиция департаментінде.
Астана қаласының полиция департаменті өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн