Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік ұрламақ болған азамат өзіне пышақ жарақатын салған: Оқиғаның толық видеосы пайда болды

Алматыда көлік ұрламақ болып кейін қолға түскеннен кейін өзіне пышақ жарақатын салған күдіктінің ұсталғаны көрсетілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

колик урлык

Видео Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына салынды. Бейнежазбадан көлікті ұрламақ болған азаматтың оқиға орнынан қалай қашқаны көрсетілген.

Ал көлік иесі ер адамның орынсыз қылығын видеоға түсіріп алған.
Қаскүнем жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жол бойында басқа азаматтың көлігіне отырып, тоқтама деп, оны кеңсе пышағымен қорқытқан.

Бұл уақытта полиция қызметкерлері де келіп жетіп, ер адамды ұстады. Ұстау кезінде ол өзін-өзі жарақаттаған.

"Қазір ер адам медициналық мекемеде. Күзет қойылды. ҚР ҚК-нің 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлік ұрламақ болған азамат ұсталған кезде өзін пышақпен жаралаған еді. Әлеуметтік желіде қанға боялып жерде жатқан ер адамды полиция қызметкерлері ұстағаны көрсетілген видео тараған.

Талқылау