Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік ұрламақ болған күдікті дене жарақатымен ауруханаға түсті

Алматыда көлік ұрламақ болған күдікті дене жарақатымен ауруханаға түсті. Бұған дейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

алматы полиция

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қоңырау шалып, оның Daewoo автокөлігін ұрламақ болғанын айтқанын хабарлаған. Қоңырау шалушының айтуынша, ол кеңсе пышағымен қаруланған күдіктіні жаяу аңдып келе жатқан.

"Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері ер адамға көмекке келді. Жазадан жалтармақ болған күдікті өзіне жарақаттар салған", – делінген полиция ақпаратында.



Медициналық көмек алу үшін ол қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілген.

"Одан әрі іс жүргізу барысында, күдіктінің бөтен адамның көлігін Ақсай шағын ауданында ұрлап кеткені анықталды. Сол жерде ол жол-көлік оқиғасын жасаған. Көлік иесі жол-көлік оқиғасы болған орнынға жаяу жүгіріп жетіп, көлікті айдап әкеткен адамды ұстауға әрекеттенген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Басқа да мән-жайлар анықталатын болады", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Талқылау