Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен (видео)

Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

жол апаты

17 қаңтарда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында кешкі уақытта белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін анықтады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, жүргізуші ұсталды.

19 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы және 611-бабы 2-бөлігі Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып жол-көлік оқиғасы болған орнын қалдыруы бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Медициналық тексерістен кейін жасөспірім үйіне қайтарылды. 
 

Талқылау