Жеңілдетілген билет дауы: Көлік министрлігі Air Astana экс-қызметкерінің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады

Фото: Әлеуметтік желіден
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев "лауазымды пайдаланып билетті жеңілдікпен алу” мәселесіне қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Біріншіден, овербукинг – бүкіл әлемде қолданылатын құрал. Біз бұл мәселені кездесулерде бірнеше рет көтердік, сондықтан овербукинг қолданылатын болады. Екіншіден, баспасөзде жарияланған ақпаратқа келсек, Азаматтық авиация комитеті тарапынан тексеріс тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша сіздерге хабарлаймыз", – деді министр.
Сонымен қатар Сауранбаев тексеріс овербукингтің өзіне емес, авиакомпанияның бұрынғы қызметкері жариялаған ақпаратқа қатысты жүргізілетінін нақтылады.
Билетті жеңілдікпен алған: Питер Фостердің әйелі өзіне қатысты айыпқа жауап берді
"Біз осы ақпаратты тексеріп жатырмыз. Оның шындыққа сәйкес келетін-келмейтіні тексеріс нәтижесінде анықталады. Овербукинг – әлемде кеңінен қолданылатын қалыпты құрал және ол әрі қарай да қолданыла береді", – деп атап өтті министр.
Еске салсақ, FlyArystan компаниясының бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулханов Air Astana әуе компаниясының әуе билеттерін жеңілдікпен басшылықтың туыстарына рәсімделіп, сатылғанын мәлімдеген болатын. Қорғаушы тараптың нұсқасы бойынша, жеңілдікпен билет алғандардың қатарында Air Astana басшысы Питер Фостердің жұбайы да болған.
Адвокаттардың айтуынша, билеттер басшылықтың тікелей нұсқауымен рәсімделген. Алайда Татьяна Фостер куә деп танылмаған еді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты