Көлік министрі үш қабатты төсегі бар вагондарды пайдалануды заң бұзу деп атады
Фото: donni-nina/livejournal.com
Көлік министрі Марат Қарабаев кейбір тасымалдаушылардың үш қабатты төсегі бар вагондарды қолдануын сынға алып, бұл әрекетті заң бұзу деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алуға уәде берді.
Министрдің айтуынша, мұндай заң бұзушылықты жеке тасымалдаушылар жасаған.
"Үш қабатты вагондар стандартқа сәйкес келмейді. Бұл заң бұзу, және біз мұндай заң бұзушылықтың болмауы үшін шаралар қабылдадық. Жауапкершілік жүктеледі", – деді көлік министрі.
"Түнімен ұйықтатпаймын": Қазақстандық қыз пойызда жолсеріктің тиіспек болғанын айтты
Қазақстанда пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді: Кімдерге басымдық беріледі
Министр Қазақстанда вагондар жеткіліксіз екенін атап өтті. Вагондардың жартысынан көбі 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан ескі вагондар. Алайда оларды ауыстыру мүмкін емес, бұл орын тапшылығына әкелуі мүмкін.
Болашақта Қазақстан билігі 900-ден астам жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, үкімет заңнамалық деңгейде 25 жылдан асқан вагондарды пайдалануға тыйым салатын норма енгізуді көздеп отыр.
Сәуір айының соңында "Жолаушылар тасымалы" компаниясы плацкарттық вагондардағы үшінші қабаттардың бар екенін хабарлауды міндеттейтінін мәлімдеген. Үш қабатты төсегі бар әлеуметтік пойыздар Ақтөбе–Алматы және Орал–Маңғыстау бағыттары бойынша қатынауда.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе билеттің бағасы толықтай қайтарылатыны туралы жазған едік.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
