Көлік автобус пен жүк пойызының арасында қысылып қалған: Таразда жантүршігерлік жол апаты болды

Тараздағы көлік автобус пен жүк пойызының вагонының арасында қысылып қалған жантүршігерлік жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, көлік ішіндегі адамдар ғажап жағдайда аман қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 4 мамырда болды. Жол көлік оқиғасының кадрлары әлеуметтік желілерде таратылуда.
Апат жолаушылар автобусы, жүк вагоны мен жеңіл автомобиль арасында болған. Сонымен қатар көлік вагон мен қоғамдық көліктің арасында қысылып қалған.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар екі жолаушыны "жеңіл автокөліктен" шығарып алуға көмектескен. Олар жедел жәрдем дәрігерлеріне жіберілді.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай 57 жастағы көлік жүргізушісі және 13 жастағы жолаушы екеуі медициналық мекемеге мидың шайқалуы және бірнеше көгеру диагнозымен жеткізілген.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан