Қалай айтқан дұрыс: "Індет жұқты" әлде "вирус жұқты"
Күнделікті өмірде өз тарапымыздан тілдік қателіктерге бой алдыратынымыз жасырын емес. Көше бойында келе жатып та, жарнамадағы өрескел қателіктерді кездестіреміз. Бүгінгі шығарылымда тілде дұрыс қолданбай жүрген сөз тіркестеріне шолу жасаймыз.
1. Бетперде кию
Дұрысы: Бетперде тағу
Киім түрлеріне ғана “кию” сөзі қолданылады, көзілдірік, жүзік, сырға, түрлі шаш бұйымдары, әшекейлерді тағасыз. Сол сияқты бетпердені де тағасыз.
2. Індет жұқтырды
Дұрысы: Вирус жұқтырды
Қазіргі кезде интернет кеңістігінде жиі таралып жүрген қате “індет” зат есімін жұғу етістігімен тіркесуі. Індет жұқпайды, себебі оның мағынасы”эпидемия” дегенді білдіреді. Ол таралуы мүмкін. Ал инфекция немесе вирус жұғады.
3. Қашықтықтан оқыту
Дұрысы: Қашықтан оқыту
Қашық түбірінің өзі “алыстан” дегенді білдіреді. -тық, -тік, -лық, -лік сын есімнен зат есім тудырушы жұрнақтар.Қашық деген сын есімге жүрнақ жалғанса, зат есімге айналады: қашықтық.
«Дистанционный» сөзінің баламасы ретінде «қашық» сөзін қолдана берген дұрыс деп есептейді мамандар.
Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық
Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
