Қоластындағыларды "рогаткамен" атқан полиция бастығы қызметінен айырылды
Фото: видеодан скриншот
Абай облысы Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы желіде жарияланған видеодан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін желіде полиция басшысының қоластындағыларға "тәрбиелеу" мақсатында айырсадақ атқан видеосы тараған еді.
Абай облыстық полиция департаменті видеодағы адам Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы екенін растап, қызметтік тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
"Тәртіптік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Жарма ауданы Шар қалалық полиция бөлімінің басшысы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды", – деп хабарлады облыстық полиция бөлімі.
Еске салсақ, Абай облысы Шар қаласының полиция бөлімінің бастығы Дәурен Әлжаппаров қарамағындағы полицейлерге айырсадақпен оқ атқанын жазған едік. Видеодан оның кабинеттерді аралап, полицейлерді қуып жүргенін көруге болады. Видео ақпан айында түсірілген, яғни полицейлердің бірі бөлімшедегі бейнебақылау камерасының жазбасын ұсынған.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
