Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоқыстан тамақ іздеп жүрген қыз өзін суретке түсірген фотографты 120 000 долларға байытты

Дубай қаласында жыл сайын өтетін HIPA халықаралық фотосайысының бас жүлдесіне америкалық фотограф Араш Ягмайеннің еңбегі лайық деп танылды.

65665

Бұл туралы ria.ru хабарлайды.

Онда ішерге ас таппай, қоқыс ақтарған қыздың суреті түсірілген. Ол қыз өзінің америкалық фотографты атақ-даңққа бөлеп, $120 000 долларға қол жеткізуіне себепкер болғанын да білмейтін шығар.

Сайыстың бас жүлдесін америкалық Арашу Ягмайенге БАӘ-нің ханзадасы Хамад ибн Мохамед әл-Мақтум табыстады. Айта кетейік, аталмыш сайыстың биылғы жылғы жүлде қоры рекордтық деңгейге жетіп отыр: $423 000!

HIPA халықаралық конкурсты осымен алтыншы рет өткізіліп отыр .

“Бұл халықаралық жарыстың бас жүлдесін иелену мен үшін үлкен құрмет, мәртебе. Менің суретімдегі қыз Үндістандағы Гувахати аймағында қоқыс арасынан жеуге жарамды тамақ іздеп жүр. Ол жерде тыныс алу тіпті де мүмкін емес”, – деп жазды фотограф.

Талқылау