Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көктем-2022": құтқарушылар Ақмола облысында су тасқынына дайындығын тексерді

Ақмола облысындағы маңызды мәселелердің бірі көктемгі су тасқынына дайындық болып табылады. Аймақта өткен жылдың жазынан бастап су тасқынына қарсы іс–шаралар басталды - аула аумақтарын қар тазалау, бөгеттер мен үйінділерін нығайту және басқа да іс-шаралар жүргізілуде.

Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жою жөніндегі әзірлікке және шешімдер қабылдауға келтіру жөніндегі теориялық және практикалық іс-қимылдарға бағытталған іс-шаралар кешеніне жыл сайынғы командалық-штабтық жаттығулар кіреді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Бүгін Ақмола облысында "Көктем-2022" республикалық оқу-жаттығуы өтуде. 

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, Аршалы ауданы облыстық штабты өрістету орны болып белгіленді. 

"Дәл осы өңір соңғы жылдары көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға аса бейім. Жібек Жолы ауылында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің практикалық іс - қимылдарын пысықтау жүргізілуде", - деді спикер. 

Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы оқу - жаттығу жаппай су тасқынына қарсы іс - шараларды өткізу бойынша, оның ішінде: - елді мекендерден қарды және ғимараттар мен құрылыстардың шатырларынан, сондай-ақ үй маңындағы учаскелерден, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұзды шығару бойынша; - арықтарды, арналарды, автомобиль және теміржол көпірлерінің су өткізу құрылыстарын тазалау және сең жүру мен тасқын суларды өткізуге дайындау бойынша; - қорғаныс бөгеттерін, бөгеттер мен үйінді құрылыстарын; - зардап шеккен халықты Уақытша орналастыру орындарының (эвакуациялық пункттердің) дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығудың екі күні шеңберінде су өткізу каналдарын тазарту, бөгеттер мен үймеліктерді нығайту, ОЭН-дің дайындығы және АҚ-ны қалыптастыру, құлақтандыру жүйелерін және сөйлеу құрылғысы бар автомобильдерді пайдалана отырып халықты құлақтандыру, халықты құлақтандыру, эвакуация және эвакопунктардың дайындығы және т.б. сияқты су тасқыны кезінде ықтимал жағымсыз сценарийлерге ден қоюға практикалық пайдалы іс-шаралар пысықталды.  

Барлығы, облыс бойынша барлығы 14 облыстық Азаматтық қорғау қызметі, жеке құрамы 308 адам және 133 бірлік техникасы бар 218 құралым дайындыққа келтірілді.

Дидар Халық
Жұма, 04 Наурыз, 2022 14:53
Талқылау