Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ пен қарлы боран: Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 облысы мен Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Қазгидрометтің мәліметінше, 2 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғып, қар жауады.

2 қаңтарда Қарағанды ​​облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады.

Ал Ұлытау облысында – қарлы боран болады деп болжанған. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде солтүстікте, шығыста, облыс орталығында секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысы мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


"Бұрқасын қар жауып, жел соғады": Синоптиктер қаңтар айына ауа райы болжамын жариялады


Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында түнде орталықта, оңтүстікте, шығыста, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, облыс орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында – күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Шығыс Қазақстан облысы – Өскеменде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астанада 2 қаңтарда қар жауып, бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылғаны туралы жазған едік.

Талқылау