Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көктайғақ, боран, қар жауады": Синоптиктер еліміз бойынша демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет еліміз бойынша алдағы демалыс күндері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com 

Синоптиктердің мәліметінше Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік циклон болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа-райы болады.

Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр боран мен көктайғақ, қар жауады.

Елдің басым бөлігінде күші 15-29 м/с екпінді жел соғады. 


  • Қазақстанда 10 жол учаскесі жабылды: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырды


9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жаууы болжануда.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 8-13 градусқа дейін, таулы аудандарда + 5 градусқа дейін көтеріледі.

Талқылау