Өзбекстанда циркте жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынады
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда цирк қойылымдарында жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салу күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UzA порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Бұл тыйым мемлекеттік те, жылжымалы жеке цирктерге де әсер етеді. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға жабайы жануарларды тұтқында ұстауға тыйым салынады.

Тиісті тізімге енгізілген жануарларды экология министрлігінің рұқсаты бар заңды тұлғалар ғана хайуанаттар бағында және арнайы питомниктерде (террариумдар, океанариумдар, серпентарийлер сияқты) ұстауға болады.

Фото: UzA
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?