Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық жігіт жетім қызды сексуалды құлдыққа сатып жіберген

Ақмола облысында 25 жастағы жігіт жетім қызды сексуалды құлдыққа сатып жіберген. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

16

Тараз қаласының 25 жастағы тумасы қызбен Көкшетауда танысқан. Әңгімелесу кезінде ол қыздың балалар үйінен шыққанын, туыстары мен достары жоқ екенін байқайды. Ол қызды өз үйінде тұруға шақырып, жұмысқа тұрғызамын деп уәде береді.

Зардап шегуші бір айдай жігітпен бірге тұрған. Осы уақыт ішінде жас жігіт қызды 150 мың теңгеге сатып алатын адам іздеген. Ол қызды сату кезінде қолға түсті.

Көкшетау қалалық соты 25 жастағы жігітті адам саудасы бойынша айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты

Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды

Ақтөбеліктер теңгеге арналған ескерткішке тәу етіп жүр

Қазақстанда теміржол билетін арзандату мәселесі қаралуда

Талқылау