Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық әйел өз пәтерін белгісіз рухтың мекендеп алғанын баяндап берді

Көкшетау тұрғыны Гүлзия Әлімбекованың айтуынша, оның ұлы, келіні, немересімен бірге тұратын пәтерін белгісіз күштер екі жылдан бері мекендеп алған.

1391356

Фото: Меруерт Әлімбекова

Бұл туралы Sputnik Қазақстан  хабарлайды.

Осы уақыт ішінде отбасы бейтаныс көршілерге бойұсынып кетпесе де, үйренісе бастапты.

Гүлзия – табысты әйел. Екі баланы, төрт немеренің анасы болып отыр. Күйеуімен ажырасқаннан кейін ешкімге тұрмысқа шықпай, уақытын бала тәрбиесіне арнаған.

“Тағдырға реніш жоқ. Балаларым әдемі, дені сау, өз отбасыларын құрды, немере сыйлады. Мен асып өте алмайтын қиындық та кездесті деп айта алмаймын. Кеңес заманында сауда саласында істедім. Ал Одақ тараған соң жергілікті дүкен ашып, өзім тауар таси бастадым. Балаларды ертіп үнемі демалысқа барып тұратынбыз. Өз балаларымның болашағы үшін ыңғайлы өмір сүріп, алдан кездесетін кедергілерге өз тактикамызды құра білдік”, – дейді ол.

Алайда өздері тұратын пәтер де түрлі қызық оқиғалар кездесе бастайды.

“Түрлі қызықтар пайда болды. Бөлме ішінен түрлі дауыстар естілетін. Кейін жәшіктердің, шкафтың есіктері ашылып, ноутбуктар өздігінен қозғалатын болды. Бұл жағдайларға ұлымның да, немерелерімнің де көз жетті. Кейде немерем “сенің бөлмеңе келіп ойнайыншы, әйтпесе анда бір ата қарап тұр” дейтін”, – дейді Гүлзия.

Бірақ, ұзақ уақыт бойы отбасы мүшелерінің үйлеріндегі бейтаныс құбылыстың түрі қандай екенін елестете алмайды.

“Бірақ, немерем оны ата дейтін. Ал жақында келінім қонаққа келген құрбысымен селфи жасаған. Ал кейін біз суреттен қолында сағаты бар ер адамды көріп шошыдық”, – дейді үй иесі.

Әлімбековтердің үйіндегі қызық құбылысты Гүлзияның құрбысы Светлана Калина да растайды.

“Алғаш бұл туралы Гүлзия маған телефон арқылы айтты. Ол өте уайымдап тұрды. Көкшетауға келе салысымен бірден солай қарай тарттым. Үйге келіп, әңгімелесіп отырдық. Кенет пәтерде жарық өшіп қалды да, артынша гарнитурда адам қолының ізі көрінді. Ол кәдуілгі адам қолына ұқсамайды, әлдеқайда үлкен”, – дейді құрбысы.

Бейтаныс құбылыс кейде өзін ер адам, ал кейде бала секілді ұстайды екен. Шашын тарап, айнаға қараған сәтте де желке тұсынан оның демі айқын сезіледі. Ал ваннаға жиналса, жолай керек заттары өздігінен дайын тұратын көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Екі көзі көрмейтін орыс қызы қазақ әндерін жатқа айтып таңғалдыруда

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қаскелеңде баласынан айырылған ата-ана тергеушілерге ашулы

Депутат тіркеу орнында көз жұмған ер адам жайлы: Ол осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді

Талқылау