Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауға жарысқа кетіп көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәйітті қазып, сараптама жасатпақ

Жамбыл облысынан Көкшетауға жарысқа барып, жұмбақ жағдайда қаза болған Мұхаммед Коликовтің туыстары марқұмның мәйітін қазып алып, сараптама жасатпақшы.

Көкшетауға жарыс кетіп көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәйітті қазып, сараптама жасатпақ

Алайда олар, істі жүргізіп жатқан тергеуші бұл ойларына бір емес, бірнеше рет кедергі келтірді деп наразылық білдіріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. Айтуларынша, алғашында эксгумация жасатуға жіберген өтініштерін жылы жаба салған. Ал бас прокурордың араласуымен рұқсат алғандарында тергеуші сот-медициналық сараптамаға қажетті құрылғыларсыз келген дейді.

Бауыр еті баласынан айырылып енді қабірін құшақта жылап отырған ана 4 ай бойы заң өкілдері ешнәрсе істемеді деп жылайды. 

Тұла бойы тұңғышы Мұхамедті Көкшетауға жарысқа жіберерде келмеске кетерін білмедім деп зар жылап отыр. Ал, құзырлы органның қайғылы жағдайды жазатайым оқиға дегені ақылға қонымсыз дейді. Тіпті, тергеушінің жұмысына көңілі толмайды. Сөдерінше, баласын жарысқа әкеткен маманды тергеп-теккермеген де. Мектеп қызметкері келіп кешірім де сұраған жоқ де ашулы. сол себепті оған қатаң жаза қолданылуын сұрайды.

"Оны жұмыстан да шығарған жоқ, шеттеткен де жоқ. Қамауға да алған жоқ", - деді анасы.

16 жасында қайтыс болған жеткіншектің туыстары мәйітті қазып алып, сараптама жұмыстарын жасатуға келіспеді. 

"Тараздан келген мамандардан радневскийдіңқоспасы және хижникова әдісі туралы сұрап едік, олар білмейтін болып шықты. Сонда біз не себепті эксгумация жасатуымыз керек", - дейді анасы Таиба Багирова. 

Қайғылы оқиға осыдан 4 ай бұрын болды. Жамбыл облысынан Ақмола облысын жарысқа кеткен жеткіншектің мәйіті үйіне қайтты. Туыстары оның кісі қолынан қаза болғанын айтып желіде ақпарат таратты. 

Талқылау