Көкшетауда өрт кезінде екі бала мен әйел адам қаза тапты
Көкшетауда жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан екі бала мен бір әйел қаза тапты, өрт себебі анықталып жатыр, деп хабарлады, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Фото: Сергей Ким
Қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні Көкшетау Қуанышев көшесі, 50 мекенжайы бойынша жеке үйден өрт шыққан.
“Өрт орнында 55 жастағы әйел адамның, 1,5 жастағы сәби мен сегіз жасар баланы денелері табылды. Тағы бір бір жарым жасар бала мен 1956 жастағы ер адамға иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды”,- деп мәлімет берді ТЖД.
Өрт себептері анықталуда. Өрт шыққан кезде балалардың анасы жұмыста болған. Бір жарым жасар балалар егіздер екені белгілі. Балалардың қасында атасы мен әжесі болыпты.
Оқи отырыңыз:
Астанада құрылыс нысаны құлап, 2 жұмысшы мерт болды
Алматы-Бішкек тас жолында азық-түлік тиелген жүк көлігі жанып кетті
Алматыда жанып кеткен көлік ішінен адамның денесі табылды
Семейде жас келіншек 3 жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Талқылау