Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда мердігер бір пәтерді екі адамға сатқан

Көкшетауда мердігер «Кан-Сам» ЖШС үлескерлердің пəтерлерін өзге адамдарға сатып жіберген, деп хабарлайды Қазқпарат.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крыловтың төрағалығымен өткен жиында Көкшетау қаласы бойынша үлескерлердің мәселелері қаралды.

Отырыс барысында «КанСам» ЖШС «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы»  ҚР Заңын бұзғаны туралы мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұржан Мұқанов, Ақмола облысы бойынша ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі Айбек Қалиқұлов, Көкшетау қаласы прокурорының орынбасары Талғат Оспанов жəне Көкшетау қаласы əкімінің орынбасары Иван Юрченконың баяндамалары тыңдалды.

Осы орайда, аймақ басшысының орынбасары Василий Крылов қала әкімдігінің жаңадан салынып жатқан нысандарға мониторинг жүргізудегі жұмыстарын сынға алып, соттық-құрылыс сараптама жұмыстарын жүргізу үшін қаржы табуды тапсырды.

«Біз бұл проблеманы соңына дейін шешу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, шешу алгоритмін таңдауымыз керек. Ведомствоаралық комиссиясы жұмысы одан жалғаса береді»,- деп қорытындылады Василий Крылов.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың басында мердігер «Кан-Сам» ЖШС мен қала тұрғындары арасында Сəтпаев көшесінің бойында салынып жатқан 18 пəтерлі тұрғын үйден пəтер сатып алу туралы жазбаша келісімшарт жасалған болатын.

Сол кезде мердігер үлескерлерге 2015 жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтайтынын айтып сендірген болатын. Осыған орай, үлескерлердің басым бөлігі 100 пайыз ақшаларын алдын ала төледі.

Алайда, ЖШС келісімшарттағы мерзімі бұзып, нысан осы күнге дейін пайдалануға берілген жоқ. Кейін белгілі болғандай тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылаудың рұқсатынсыз өзге адамның меншігіндегі жер телімінде жобалық-сметалық құжаттарынсыз жүргізілген.

Оған қоса, мердігердің ақшасы төленген пəтерлерді өзге адамдарға қайта сатқаны анықталды. Нəтижесінде 15 пəтерге (3 пəтер жер телімінің иесіне берілуі тиіс) 22 отбасы үміткер болып отыр.

Қазіргі кезде, бірқатар үлескерлердің қолдарында төлеген ақшаларын қайтарып алуы туралы сот шешімі де бар. Бірақ та мердігер соттың бұл шешімін орындауға асығар емес.

Оқи отырыңыз: 

ОҚО-да мұғалімдер, полицейлер және дәрігерлерге қызметтік баспана беріледі

Аружан Саин : Шешініп әдемі билеудің өзі үлкен өнер

Анасы: Қызым шұжықтан ұшынып емес ауруханадан инфекция жұғып қайтыс болды

Бекболат Тілеухан 11 баланың әкесі екенін жасырмай айтты

 

 

 

 

 

Талқылау