Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда депутат отбасымен сотталды: депутат қызметке бүкіл отбасын орналастырған

Көкшетауда "Өрлеу" акционерлік қоғамы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры әрі қалалық мәслихаттың депутаты Еркін Есімбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Еркін Есімбаев мемлекеттің сеніп тапсырған қаржысын бас пайдасына жаратқаны үшін айыпталған еді. 

Институттың басшылық қызметін атқарған Еркін Есімбаев өзінің әйелі Гүлнәр Тәшенованы 2012 жылдың 1 қазанында оқу корпусының коменданты ретінде жұмысқа алған. Ал 2014 жылдың 30 мамырынан бастап  өзінің қызы Айғаным Тұрашты хатшы-референт қызметіне тағайындаған. Осы жылдың қыркүйек айында Айғанымды институттың зертханашы қызметіне ауыстырады. Алайда, тергеу нәтижесіне сәйкес, жұмысқа кірген уақыттан  не әйелі, не қызы іс жүзінде жұмыс істемегені анықталып отыр.

Өзінің туыстарынан өзге Есімбаев үшінші тұлғаларды "елес" қызметкерлер ретінде бос жұмыс орындарына тіркеген. Осылайша, Есімбаев пен оның жақтастары мемлекет қаржысынан 21 миллионнан астам теңгені жымқырған. Жалған қызметкерлерді институт басшысы жұмыс кестесіне түртіп отырыпты. Құқық қорғау органдарының тексерісі бойынша бұл тұлғалар жұмыста мүлдем болмаған. Тіпті жұмыс уақытында әлемнің туристік қалаларына сапар шеккен екен. Мәселен, Гүлнәр Тәшенова Мәскеу, Тбилиси, Анталия қалаларында болса, қызы Айғаным Тұраш Анталия, Омбы, Франкфурт қалаларын аралап қайтқан.

Көкшетау қалалық сотының үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін айыпты деп танылды. Десе де, бұрын сотталмаған айыпталушылар сотқа дейін келтірген шығынды толық өтеп үлгерді. Осылайша, қалалық соттың судьясы оларды бас бостандығынан айырған жоқ. Десе де, барлығына шектеу жазасы белгіленді. 

"Есімбаевқа 5 жылға бостандығын шектеу жазасы белгіленді. Яғни, құқық қорғау органының рұқсатынсыз қала аумағынан көрсетілген мерзімге дейін шыға алмайды .Дәмхана, мейрамхана, клуб секілді қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады. Сондай-ақ, өмір бақи мемлекеттік мекемелерде, 50 пайыз акциясы мемлекетке тиесілі өзге де ұйымдарда жұмыс істей алмайды. Депутаттық мандаттан айырылады", – дейді Көкшетау қалалық сотының судьясы Қайрат Хасенов. 

Әйелі Гүлнәр Тәшенова мен қызы Айғаным Тұрашқа 3 жыл еркіндігін шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Тәшенова 58 жасқа дейін 1 жыл көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылады. Іс жүзінде жұмыс істемеген тағы бір сыбайласы Болат Аринов 2 жылға бостандығынан шектеледі.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен келіспеген айыпталушылар жоғары тұрған сотқа істі қайта қарауға арызданатынын жеткізді. 
   
    

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасымен есірткі сатқан: Героин саудасын қыздырған әкесі мен баласы ұсталды

14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан

"Аллаһу акбар, астана біздікі": Қару-жарақтарын көрсеткен елордалық жігіттердің видеосы тарап кетті (видео)

Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр

Құрғақшылық жайлауы мүмкін: Ғалымдар еліміз 10 жылдан кейін ауыз суға тапшы болатынын ескертті

Ғалымдар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты

"Машинист кабинаға қысылып қалған": Екібастұзда теміржол апатынан 28 вагон аударылып қалған

Апат салдарынан 350 метр рельс жолағы да зақымданған

Бөренемен ұрып, пышақтап тастаған: Үш жасар қыз бен анасын өлтірген ер адамға үкім шықты

Марқұмның ағасы сот үкімімен келіспейтінін айтты

"Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама": Балғынбек Имашев бір әйелді "жетістіріп" алуға кеңес берді

Ақын: Айтысқа шықпауыма діннің еш қатысы жоқ

"Мама, үйге қайтайықшы" деді: Ауруханада көз жұмған 5 жасар қыздың отбасы дәрігерлердің жазалануын талап етті

Марқұмның әжесі: Өз аяғымен барған қызды мәйітханадан алып кеттік

Өзге қызбен ұстап алды: Әйел көзіне шөп салған жігітінің үйін өртеп жіберді

Ол үйді өртеу үшін төрт көршісінен бензин сұрап алған

Мамандар құрманың зиянын атады

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Çàãðóçêà...