Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрін әлеуметтік желіге жаба салуға болмайды – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға іссапармен келіп, елдің белгілі ғалымдарымен кездесті. Кездесі кезінде қоқыс өңдейтін кәсіпорындардың көбірек салуынын талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президенттің айтуынша, тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс.

"Одан бөлек, қоқыс өңдейтін кәсіпорындар салу қажет. Онсыз қалаларымыз таза болмайды. Жалпы, "Таза Қазақстан" деген сөзді кең ауқымда түсінген жөн деп санаймын. Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс. Пейілі таза адамның ісі берекелі болады. Біз қазір ұлт сапасын жақсартуға баса мән беріп отырмыз. Мен Атырауда өткен Құрылтайда жаңа құндылықтар қалыптастыру мәселесіне тоқталдым", – деді ел басшысы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы қазір мемлекет пен қоғамның арасында осыған қатысты ортақ ұстаным бар екенін атап өтті.

"Бұл құндылықтар оқу орындарының тәрбие жұмысына арқау болуы керек. Өкінішке қарай, қоғамда озбырлық пен қатыгездік тыйылмай тұр. Мұндай жағымсыз үрдіс, әсіресе, жастар арасында белең алып отыр. Біз мәселенің түп-тамыры тереңде жатқанын ашық айтуымыз керек. Әлеуметтік желі балалардың мінез-құлқына кері әсер етіп жатқаны сөзсіз. Бірақ бәрін әлеуметтік желіге жаба салуға болмайды. Білім беру жүйесінде кемшіліктер көп. Отбасы тәрбиесінде де олқылық бар. Әрбір ата-ана баласына дұрыс тәлім-тәрбие беруі қажет. Үлкендер өзінің күнделікті іс-әрекетімен балаларға үлгі болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еліміздегі балалардың бәрі қоршаған әлеммен үйлесімді, ата-анасы мен жақындарының сүйіспеншілігіне және мейіріміне бөленіп өсуі маңызды дейді президент.

"Ол үшін, ең алдымен, отбасындағы зорлық-зомбылық сынды қараңғылықтың, моральдық деградацияның өршуін түп-тамырымен жою қажет", – деп түйіндеді президент.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қоқыс шығару тарифі 30% көтерілгенін жазған едік.

Талқылау