Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда аудандық полиция бөлімшелерінің қақпасын алып тастайды

Тұрғындармен байланысты жақсарту үшін аудандық полиция бөлімшелерінің ауласына жөндеу жұмыстары жасалады, деп хабарлайды Stan.kz.

Суретте Алматы қаласы Наурызбай аудандық ІІД. Фото авторы Ляззат Қалматаева

Дуал орнына ыңғайлы етіп шыныдан жасалған қабылдау кеңселері қойылады.

«Қазіргі кезде Алматы ІІБ территориясында және бөлімшелерінде террористік шабуылға ұшыраған объектілерге арналған әдіснамалық ұсынымдарға сәйкес рұқсат беру режимі, бақылау-өткізу бекеттері және күрделі қоршаулар орнатылды. Азаматтар қолайсыздық туралы, ұзақ күту туралы шағымдар айтады. Сондықтан, Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесінің ұсынымдарын ескере отырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға шешім қабылдадық. Жақын арада Астананың ІІД бөлімшелері ауласын жөндеу жұмысы басталады. Қазір фронт-кеңселер орнату мәселелсін қаалып жатыр. Әкімдік бізді қолдайды», – деді ІІД орынбасаы Ізбасар Бектұров.

ІІД мәліметінше, фронт-кеңселер барлық мекен-жай бойынша келушілерге қолайлы болмақ.

«Келушілерге арналған кеңселерде кеңесшілері бар  заманауи қабылдау бөлмесі, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік полицияның кезекші бөлімшелерінің қызметкерлері отырады. Азаматтар сұрақтарын қойып,  құзыретті жауап ала алады. Сонымен қатар, күту залы, заманауи дәретханалар болады. Егер келушінің кез-келген қызметкердің жұмысы туралы шағымдары болса, Жеке қауіпсіздік басқармасына хабарласа алады.

Бектұовтың айтуынша, бұл үшін уақыт керек. Есеп жүргізіп, жобаның сметалық құжатын дайындап, сараптама жасау үшін уақыт кетеді.

Айта кетейік, осы аптада Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесінің ұсынысы бойынша «102» қызмет операторының саны екі есеге көбейді.

Бұған дейін Қоғамдық кеңес мүшелері қазақстандықтардың қару алып жүруіне рұқсат беру туралы ұсыныс айтқан еді.  Онда журналист, қоғам қайраткері Сергей Пономарев полиция бөлімшелерінің есігін ашу керек деген ұсыныс айтқан еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау