Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсендісі орта жастағы әйелдерге “қырындайтын” таксишілердің ұятсыздығын айтты

Қоғам белсендісі Айгүл Болатханқызы желідегі парақшасына басынан өткен жағдайды жазып, зейнет жасына жақындаған ер азаматтардың ұятсыздығына таң қалғанын айтты.

Сөзінше қоғам белсендісіне орта жастағы ер адам қалжыңдап, қылмыңдай түскен.

“-Әдемі екенсіз.
Астапыралла! Менің түрімнен әдемілік көріп тұрған мынау точно дальтоник! Сүйкімді десе, бір жөн! Айтып отырған – 55-56-лардағы таксист еркек.

-Межелі жеріме жеткізіп салатыныңызға менің физиономиямның қанша қатысы бар?- дедім жайбарақат…

-Әйелге әдемісің деп айтқанда тұрған не бар? Еркектер көргенін айтады. Мүмкін күйеуің жоқ шығар.

О, тоба! Біреудің байының бар-жоғын еркектер осылай “тексеретін” болған ба? Таксистің бетіне бағжиып бір қарап алып:

-Қап-ай! Байым бар еді, – дедім қайдан шықса, одан шықсын…

-А-а! Танысқанда тұрған ештеңе жоқ. Қазіргі әйелдер бір күйеуді ҚАНАҒАТ тұтпайтын болды ғой, – деп оттады албасты.

-Уайымдамаңыз, ол жағынан жалобам жоқ. Еркегі сорлы үйдің қатындары қағынатын шығар, олар үшін де бас қатырмаңыз. Әркім өзі жауап береді, – деп салдым. Үндеген жоқ. Бір минуттық паузадан соң:

-Па шіркін! Демек, сіздің бір туған апа-қарындастарыңыз да бір байды қанағат тұтпайтын болғаны ғой онда, жоқ әлде олар қазіргі әйлдер категориясына жатпай ма? – дедім қарап отырмай…
Дауысым екпіндеп барып басылды.

-Біздің әулетте кілең ұл, – деп ыздиды.

-Ол ұлдардың қатындары қыз табатын шығар, – деп тақ ете қалдым, соткамды шұқылаған күйі.
Ары қарай әңгімеміз жараспады. Міне, қазіргі қазақ еркегінің түсінігі. Бәріне бірдей күйе жағып отырғам жоқ. Бетімен кеткен әйел де бар. Бірақ ҚАНАҒАТ туралы айтып отырған адам, ең болмаса, өзіне жақсылап тұрып бір қарап алса ғой… Бір жолы бір жақсы досымнан (ол менен үлкен жігіт):

-Қазіргі қазақтың жігіттерінің өздері сорлы. Былшиып семіріп алады жап-жас болып. Спортпен айналыспайды. Өздерін күтпейді. Төсекке жарамсыз көбі! Сөйтіп отырып әйелдерді сөз қылады, – дегенді естіп едім.

Мойындасаң да, мойындамасаң да – осы! Қазіргі қазақтың көп жігітінің сөздері ұсақ, өздері шетінен шибұт, бойлары бір тұтам, шөжедей! Әскерге жарамсыз майтабаны тағы бар! Бірақ олар көп өтпей-ақ былшиып семіріп шыға келеді.

Қылығын ақтап ала алмайтын қазір көп әйелдер де бар… Бірақ… Қазіргі қазақ әйеліне қорған болар қазақ еркегінің сықпыты – мынау, сөзі – анау, түсінігі… Жаңағы сорлы қанша төменетектіні ҚАНАҒАТТАНДЫРАМ деп ойлайды екен деймін де… Сұрауды ұмытыппын!”,-деп жазды ол.

Оқи отырыңыз:

Елімізде әйелдер уақытылы зейнетке шыға алмайтын болды

2018 жылы зейнеткерлердің БЖЗҚ-дан алатын ең төменгі зейнетақысы қанша болмақ

Павлодарда қоқыстан табылған ұлды асырап алуға таласушылар көбейді

Енді қазақстандықтар жолдың дұрыс жөнделмей жатқанына шағымдана алады

Талқылау