Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кофе қатерлі ісіктің алдын алатыны рас па?

Онколог маманның кофе бірқатар онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Дәрігердің айтуынша, екі шыны кофе биологиялық белсенді заттар мен өсімдік антиоксиданттарынан пайда болатын бауыр циррозының дамуын тоқтатады. Сондай-ақ оның құрамындағы кавеол, кафестол және хлороген қышқылы бауыр қабынуының алдын алады. 

“Кофенің құрмындағы маңызды компоненттердің саны 2 мыңға жетеді. Атап айтсақ, қабыну процестерін тежейтін антиоксиданттар мен май қышқылдары және қатерлі ісіктің дамуын тоқтататын полифенолдар, хлороген қышқылы бар”, – дейді онколог Антон Иванов.

Дәрігер кофеиннің тоқ ішек, бауыр және сүт безі қатерлі ісігінен қорғайтын әсері барын атап өтті. Маман бұл сөзіне Ирландияның Ұлттық университеті ғалымдарының зерттеуі дәлел екенін айтады. Десе де бұл тақырыпқа қатысты ғылыми жұмыстар әлі де анық болмағандықтан, кофені күніне үш шыныдан артық ішпеуге кеңес береді.

Бұған дейін қызу көтерілгенде ересектердің жиі жіберетін қателіктері туралы айтқан болатынбыз. 

Талқылау