Көбі пицца жеген: Түркістан облысында дәмханадан уланғандар саны 90-нан асты
Түркістан облысы Кентау қаласындағы дәмханадан уланғандар саны 90-нан асты. Тіпті олардың қатары тағы да көбеюі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, астан уланғандар саны 92-ге жеткен. Олардың 40-ы бала. Тіпті қатарында жүкті әйелдер де бар.
"Жұқпалы аурулар бөлімшесіне 92 адам шағымданып келген. Барлығының ыстығы көтеріліп, іштері өткен. 26 маусымда Кентау қаласының дәмханасынан тамақ ішкен. Қазіргі таңда 67 науқас жатқызылды. Оның 40-ы бала, 27 ересек адам, 3 жүкті әйел. Барлығының жағдайы орташа ауыр. Ертеңгі күннен бастап жағдайлары жақсарса үйіне шығарыла бастайды", - дейді Кентау қалалық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Асылбек Өтебаев.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта 25 адам амбулаториялық емдеуде, олардың да жағдайы қатаң бақылауда екен. Жұқпалы аурулар бөлімшесіне қосымша 40 төсек-орын қойылған. Науқастардың көбі пицца жеген.
Дәрігерлер уланғандар саны тағы көбеюі мүмкін екенін айтады. Қазіргі күні тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Нысан толық тексерілген. ҚК 304 бабы 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, бұған дейін қалдағы дәмханаға барған 58 адамның уланғанын жазған едік.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?