Түркістан облысында дәмханаға барған 58 адам жаппай уланып қалды
Түркістан облысының Кентау қаласында дәмханаға барған 58 адам жаппай уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендердің барлығына тамақтан улану диагнозы қойылған. Оның 20-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар болған. 18-і ересек пен екі жүкті әйел де бар. Барлық науқас 58 адам да өз ауруын "Ризик Раяна" дәмханасында тамақтанумен байланыстырады.
"Жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нысанның қызметі тоқтатылды. Қылмыстық іс қозғалды. Науқастардан, қызметкерлерден, тамақтан зертханалық зерттеу қаралды. Тексеруге облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары тартылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр", - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.
Қазір зардап шеккендер Кентау қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"