Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен жүргізуші кешірім сұрады
Көбейтұз көліне жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен кіріп кеткен азамат кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеп хабарлайды.
Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Тәртіп бұзған азамат Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен кетіп бара жатқан. Жол-жөнекей қызғылт көлге соға кетуді ойлаған екен.
"Әрине, мен дұрыс әрекет жасамадым. Көлге көлігіммен кіріп кеткенім үшін кешірім сұраймын. Жаяу жүріп те бара алатын едім, бірақ солай болды. Әлеуметтік желілерде тез таралып, талқылау түскені үшін кешірім сұраймын. Шын сөзім, 40 жасқа келгенде мұндай қылық көрсетем деп өзім де ойламадым" - деп өз ісін түсіндірді жүргізуші.
Айта кетейік, Көбейтұз көліне джиппен кіріп кеткен көлік жүргізушісі халықтың наразылығын тудырғанын жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”