ҚМДБ мешітке бармауға кеңес береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы намаз оқушыларды мешітке бармауға, ғибадаттарды үйде орындауға шақыруда. Короновирусқа қарсы сақтық шараларды күшейту үшін адам көп шоғырланған жерлерге бармаған дұрыс дейді мүфтият, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Діни басқарма Қазақстандағы мұсылмандарды тазалық сақтап, өз денсаулықтарын күтуге шақырып, арнайы мәлімдеме жасады, себебі шариғатта адам өзіне де айналасындағыларға зиян келтірмеуі керек деп жазылған. Тіпті дін өкілдері жұқпалы індет жайылмауы үшін карантин енгізу қажет екендігін хадистерден мысал келтіріп, түсіндіруде. Сол үшін діни басқарма ауру белгілері байқалса, қоғамдық орындарға, мешітке бармауды өтінді.

"Біз әрқашан шариғатымызда айтылғандай адам баласының өміріндегі ең қымбат нәрсе, ол денсаулығы, оның өмірі. Сондықтан адам баласы әрқашан сақтықпен денсаулығына мән беру керек", - дейді ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров. 

Бірінші маусымнан бастап, барлық жерде сақтық шаралар төртінші деңгейге көшті. Теміржол вокзалдары мен автобекеттер, халықаралық әуежайларда санитарлық эпидемиолог мамандар құрамы күшейтілген. Адам көп шоғырланатын орындарда тазалық құралдармен арнайы мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Үкімет тапсырмасында кафе, мейрамхана, демалыс орындарында тазалыққа барынша мән беру міндеттелді. Алматының халықаралық әуежайында шетелдік рейстер қатаң бақылауға алынды. Санитарлық қадағалау мамандары тәулік бойы шетелден келген ұшақтарды, әр жолаушыны тексеріп жатыр.

"Әуежайға дене қызуын анықтайтын үш арнайы құрылғы орнатылған. Бір тәулікте санитарлық мамандардың он бір адамнан құралған екіауысымы жұмыс істейді. Транзиттік жолаушылар үшін арнай бөлме дайындалды. Осында кезекші дәрігерлер бар.  Ал ауру белгісі анықталған жолаушы бірден қала шетіндегі ауруханаға жіберіледі. Егер қарсылық білдірген адам болса, дәл сол маңда күштік құрылым өкілдері дайын тұр", - дейді Әуезов аудандық ҚДСБ басшысы Игорь Тен.

Санитарлық қадағалау мамандары он екі сағат бойы табжылмай қызмет етуде, тіпті тамақтануға арнайы уақыт бөлінбеген. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 7 адам туралы не білеміз

Барлық науқастар эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларымен оқшауланған және емделуде

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Ботекс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Алтынай Жолдыбаева: Менің көкірегім кішкентай, бірақ өзіме ұнайды

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 685 адам болды

Жаңадан ауру жұқтырған 15 адам тіркелді

Коронавирус жұқтырған ресейлік студент Қазақстанға өтіп кеткен

Бойжеткеннің коронавирус жұқтырғаны 4 сәуір күні белгілі болыпты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері көшеде маска кию керектігі жайлы айтты

Айзат Молдағасимова көшеде бетперде кию керектігі жайлы айтты

Алматы облысында марқұмдардың мазасын алған ұры қолға түсті

Зират ұрысы көрші ауылдың тұрғыны болып шыққан

Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі судың көтерілуі бір аптаға ерте басталды

Cиноптиктер кіші өзендерде су деңгейінің көтерілуінің ерте басталуын атап өтті
Çàãðóçêà...