Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Климаттың өзгеруі жердің осін өзгертті

Климаттың өзгеруіне байланысты мұздықтардың еруі ХХ ғасырдың 90-жылдарында орын алған Жер осі мен географиялық полюстердің ығысуына әкелді. Қытай Ғылым академиясы университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді. Зерттеу нәтижелері Geophysical Research Letters журналында жарияланды.

Мамандар жердің гравитациялық өрісін зерттеуге бағытталған GRACE (Gravity Recovery And Climate Experiment) спутниктік миссиясының көмегімен алынған деректерді талдады. Мұздықтар еріген кезде масса қайта бөлінеді, бұл планетаның айналуына және оның осінің орналасуына әсер етеді. Мұны жер бетінің әртүрлі нүктелеріндегі ауырлық күшін өлшеу арқылы байқауға болады.

Полюстің жылжуы жер ядросының сыртқы қабатындағы геологиялық белсенділікке, сондай-ақ мұздықтар мен жер асты сулары сияқты құрлықтағы су көлемінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

Ғалымдар мұздықтардың еруіне байланысты полюстердің оңтүстік бағыттан шығысқа қарай жылжығанын анықтады. 1995 жылдан 2020 жылға дейін дрейф жылдамдығы 1981-1995 жылдармен салыстырғанда 17 есе өсті.

Зерттеу мәліметтері полярлық аймақтарда мұздың еруі полюстердің жылжуына үлкен ықпал ететіндігін көрсетеді.  Мұндай өзгерістер миллисекундтық шкала бойынша күннің ұзақтығына әсер етуі мүмкін.


Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 27 Сәуір, 2021 18:29
Талқылау