Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахандағы жетім қалған қызға ерекше сый жасады

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық өкілдігінің мүшелері Қарағанды облысындағы Шахан кентінде тұратын, ата-анасы тұрғын үй жарылысы кезінде үйіндінің астында қалып мерт болған Полина Андроповаға барып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

polina1(3)

ҚХА өкілдері Полинаның музыкалық білімін жалғастыруы үшін өздері уәде еткен электрлі пианиноны сыйлады.

«Біз әрине, Полинаның ата-анасына қайтара алмаймыз. Дегенмен біз баланың жан жарасын жеңілдетеміз ба, оның жабырқаған көңілін бір сәтке болса да жадыратамыз ба деген ниетпен келіп отырмыз. Музыка да ем, ол да қамыққан көңілге демеу бола алады»,-деді ҚХА ассамблеясының Қарағанды облысындағы өкілдігінің мүшесі Увайс Жанаев.

Полинаның әжесі Нина Смирнова көзіне жас ала отырып, қонақтарға алғысын білдірді.

«Немеремнің  музыкалық аспапта ойнасам деген арманы бар. Биыл екінші жыл қатарынан музыкалық мектепте білім алуда. Біз оны әлі талай жетістіктерімен қуантады деп үміттенеміз»,-деді қыздың әжесі.

Құлаған үйден ескі пианионы алып шыққан.Ол аспап қыздың әжесінің үйіне тұр. Бірақ ойнауға келмейді. Полинаның қуанышына ортақтасу үшін ұстаздары да келіпті.

“Полина үшін өте қуаныштымыз. Ата-аналары музыкамен айналысқанын қалап еді. Полина музыкалық аспапта енді ғана ойнап жүрген балалардың барлығының қолынан келе бермейтін туындыларды орындайды. Өзінің қатарластарынан музыка жағынан айтарлықтай алда келеді. Болашақта оның музыкант болар, болмасы белгісіз. Бірақ, ол болашағынан зор үміт күттіреді»,-деді фортепиано сыныбынан сабақ беретін ұстаз Алла Рафикова.

Полина алдында қонақтар үшін аспапта ойнауға қысылғанымен, кейінірек ол Моцарттың туындыларының бірін орындап берді. Осыған дейін хабарланғанындай, Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері мен Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері Полина Андроповаға арнайы көмек көрсетпек болған. Ол үшін ҚХА өкілдері 500 мың теңге жинады.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та Шахан ауылындағыкөпқабатты үйдің бір подъезді толықтай опырылып ортасына түскен. Оқыс оқиға кесірінен 9 адам – үш ер адам, үш әйел, үш бала қайтыс болды.

Жіберіп алмаңыз:

Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов Алматы көшелерінде патрульдік қызмет атқарады

ҰҚК бұдан былай соттың шешімінсіз-ақ әлеуметтік желілерді құлыптай алады

Алматыда ер адамдарға жабыса кететін 700 жезөкше ұсталды

Талқылау