Қызметтік көлікпен "қауын алуға" барған Ұлытау облысы әкімінің орынбасары сынға қалды
Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсеновтің қызметтік көлікпен қауын алуға барған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан әкім орынбасарының қызметтік көлікпен жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол бөлігіне кіргенін көруге болады. Видео авторының айтуынша, шенеунік жолдағы кедергілерді елемей, жеке мүддесі үшін “қауын алуға” өткен.
Ер адам шенеунікке наразылық білдіріп: "Мұнда өтуге болмайды ғой? Мұның бәрі жабық. Ұлантай Төлеутайұлы, неге заңды елемейсіз? Облыс басшылары осындай әрекет жасаса, халықтан не сұраймыз", – дейді видео авторы.
Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, әкім орынбасары жұмыс уақытынан кейін үйіне қайтып бара жатып, Сарыарқа көшесіне тоқтап, асфальт төсеу және жол жөндеу жұмыстарын бақылаған.
"Ол уақытша осы бағыттарды қадағалайтын әкім орынбасарының міндетін атқарғандықтан, нысанға баруы жұмыс сапарымен байланысты болды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұғын дейін Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер қызметтік көлікпен орманға демалуға шыққаны туралы жазған едік.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
