Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызметкерлеріне күн көрсетпейді": Жас мамандар полковник жұдырық жұмсады деп шағымданды

Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімшесінің бастығы қызметкерлеріне қол жұмсап, тамақ тасытқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тұрғыны Сарысу аудандық полиция бөлімшесінің бастығын «қызметкерлеріне күн көрсетпейді»  деп айыптап отыр. Оқиға 4-маусым күні болған. Бейнежазбаға қарағанда полицейлер әлдебір іс-шараға дайындалып жатқан сияқты, өйткені барлығы қолдарына қалқан, үстеріне оқ өтпейтін кеудеше, бастарына бастарына каска киіп алғыны анық байқалады.

Бейнежазбаны жолдаған тұрғын полиция полковнигі жас мамандарды резеңке таяқпен ұрып тәрбиелеп, тамақ тасытып қорлық көрсетіп жүргенін айтады. Дәлел ретінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған бейнежазбаларды жіберіпті.


Басы дауға қалған полковник Қуаныш Бекқожаев видеодағы қолына таяқ ұстап қызметкерлерді ұрған азамат өзі екенін мойындап отыр. Полковниктің айтуынша, бұл жұмыс барысында кездесетін қалыпты жағдай.

"Аталмыш факт бойынша Жамбыл облыстық полиция департаметінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеріс басталып кетті",- дейді полиция департеметінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр