Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-та жарияланған соң: Қызметкерлер үшем туған түркістандық келіншекке көмек көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшем туған анаға балаларының туу туралы куәлігін тапсырды.

Бұған дейін олар отбасына барлық қажетті құжаттар мен әлеуметтік төлемдерді толтыру үшін мобильді топ жіберген, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

«3 балалы 23 жастағы Еркінай Есенбаеваның үшем туып, көп балалы аналардың тізіміне енген бойда біз онымен дереу хабарласып, өз көмегімізді ұсындық. Барлық қажетті құжаттар мен өтініштерді қабылдау үшін біз оған мобильді ХҚКО мамандарын жібердік», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Түркістан облыстық филиалының директоры Ержан Жеңісбеков.

Жеңісбековтің айтуынша, бүгін ол балалардың туу туралы дайын куәліктерін алды, ал қараша айының басында жас ата-ана өздеріне және балаларына тиесілі барлық мемлекеттік төлемдерді алады.

«Менің құжаттарымды ресімдеу және балаларға арналған жәрдемақы алу үшін ХҚО-ға бару мүмкіндігім болмады. Бірақ ХҚО қызметкерлері маған қызметкерлерін жіберіп, үйден шықпай-ақ құжаттар рәсімдеуге көмектесті. Мен өте қуаныштымын. Бүгін олар мені құттықтап, гүл шоғын ұсынып, жылы лебіздерін білдірді. Менің жағдайымды білген соң халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жедел әрекет етті, мен бұл үшін оларға өте ризамын», - дейді жас ана.

Бала өмірге келген соң мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алуға болады. Ол үшін мобильді азаматтардың мәліметтер базасында тіркеліп, ұялы телефонға келіп түскен сұрақтарға SMS хабарлама түрінде жауап беру жеткілікті.

Бұған дейін 23 жастағы келіншектің 6 баланың анасы атанғанын хабарлаған едік. Келіншек балалардың құжаттары мен жәрдемақысын рәсімдей алмай отырғанын айтты. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қазан, 2020 12:56
Талқылау