Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызметінен босатылған Атырау облыстық полиция басшысы не үшін жазықты болды? ІІМ жауап берді

Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Атырау облыстық полиция департаметінің басшысы Аян Дүйсембаевтың не үшін қызметінен босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

atyrau_polisiya

«Комиссияны өзі басқардым. 17 мамырда сол жаққа аттанып, тәртіптік комиссия жүргізіп, министрге Аян Дүйсембаевтың қызметінен босатылуы туралы ұсындық. Анықталғандай, 11 мамырда ол Атыраудан 300 шақырым жердегі туған ауданына қызметтік көлікпен барған. Сонымен қатар тағы бір қызметтік көлікті алып, бөлімдегі бірнеше басқарушыны ерте кеткен», - дейді министрдің орынбасары. 

Сондай-ақ, Калайчиди Дүйсембаевтың атты қайтарып бергенін атап өтті. Ол атты сыйлыққа алмағанын, тек өзіне көңіл бөлу белгісі ретінде берілгенін айтқан. 

«Оның қандай бұзушылықтарға жол бергенін түсіндірейін. Біріншіден, ол қызметін өтеу нұсқасын күшейту кезеңінде әскерилердің орналасқан жерінен кетіп қалған және басқарушы қызметкерлерді ертіп кеткен. Сонымен қатар ол жаққа Мақад аудандық ІІБ басшысын алып барған. Бізге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мінез-құлық ережесінде ерекше талаптар қойылады. Талаптар қарапайымдылық пен мемлекеттік қызмет немесе құқық қорғау органдарына қоғамның теріс пікірін тудыратын әрекеттерге де қатысты. Бұл жағдайда, аталған шара теріс пікір тудырды», - дейді Калайчиди.

Сонымен қатар министрдің орынбасары Дүйсембаевтың қызметінен қуылмағанын, тек босатылғанын айтты. Қазіргі уақытта ол ІІМ-нің қарауында. 

«Тексеріс нәтижесінде өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы да қызметінен босатылды. Ол бұл жағдайдың алдын алып, министрлік басшылығына хабарлауы тиіс еді. Ол мұны жасамады. Оған қоса, өзі де шараға қатысты. Сондай-ақ, осы сапарға қатысқан басқа да басқарушылар қатаң тәртіптік жазаға тартылып, ескерту жасалды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді. Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаевты қызметінен босату ұсынылды. Артынша полиция басшысы қызметінен босатылды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр