"2 жасар қызыма қарап тұрып мастурбация жасады": Ер адамның азғындық әрекетін байқаған алматылық әйел дабыл қақты

Фото: Видеодан скрин
Алматы тұрғыны Венера Сәбит 21 қараша күні Арбатта бейтаныс ер адамның 2 жасар қызына азғын көзбен қарағанын байқап қалған. Кенет оның оғаш әрекеті полиция шақырып, дабыл қағуға мәжбүр еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдің айтуынша, балалары “ЦУМ” маңында музыканттарға қарап тұрған. Сол кезде ер адамның 2 жасар қызыма қарап тұрып мастурбация жасап тұрғанын көрдім.Ол сондай жиеркенішті болды. Бәр сәтке не айтарымды білмей қалдым. Денем дір етіп, қорқыныш пен ашу қатар келді. Тек қоларбамен итеріп жіберіп, полиция бекетіне жүгірдім. Бірақ пост бос тұр екен. Жарығы жанып тұры, бірақ ішінде бірде-бір полицей жоқ. Телефон соқтым, бірақ тек 40 минуттан кейін учаскелік полицей келді”, – дейді Венера Сәбит.
Оның айтуынша, оқиға кезінде жақын маңда бірде-бір патруль полиция болмаған. Бекетке жауапты қызметкер тіпті сол постта кім тұруы керектігін білмеген.
Венера Алматы полициясына, ІІМ басшылығына және қала әкімдігінен “Арбат сияқты халық көп жиналатын жерде неге тұрақты патруль жоқ?” деген сұрақ қойды. Ол осы жағдайдан кейін басқа балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жеткізді.
“Ер адам осыған дейін арнайы медициналық есепте тұрған, сол себепті іс “жауапкершілікке тартуға жатпайды” деген негізбен сол күні-ақ тоқтатылды”, – дейді Алматы тұрғыны.
“Жыл сайын бала туамын деп жақында көз жұмды”: Қазақстандық әйелдер ер адамдардың вазэктомия жасатуын талап етіп жатыр