"Қызым оның әнін тыңдамаса, тамақ ішпейді": Баян Мақсатқазы Raim-ды жобасына шақырды
Фото: Stan.kz
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы өзі ұйымдастырып жатқан "Алтын Ханым" байқауында қызы Алманың сүйікті орындаушысы Raim-ның басты қонақ болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баян Алагөзова Instagram парақшасында қызы Алманың Raim-ның шығармашылығына ерекше ықыласы барын жасырмады.
"Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де, Алма қызым Raim-ның әндерін тыңдамаса, тамақ ішпейді. Алдымен оның "Самая вышка" клипін қою керек. Содан кейін барып қызым аузына қасық апарады. Яғни, "Алтын Ханым" байқауында Алма қызымның сүйікті орындаушысы Raim хедлайнер болады. Ал Алиса қызым – кітаптың фанаты", – дейді Алагөзова.
-
"Олар мені танымайды": Баян Мақсатқызы жиендерін бақпайтынын жасырмады
-
"Ажырасқан құрбыларыммен араластырмады": Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы әйелі еш жерде айтпаған құпиясын бөлісті
Айта кетейік, 2024 жылдың тамыз айында продюсер екі қыздың анасы атанған еді. Кіші қызы Алманың өнерге жақын екенін айтқан еді.
“Екі жақ та музыканттар отбасы. Сол жетіп жатыр. Алма қызымыз музыканы қатты жақсы көреді. Енді тез арада пианино сатып алу керек”, – деп жазды продюсер.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
