Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалықтар тоғыз күн бойы ұлттық киім киюге үндеді

Қызылордалықтар тоғыз күн бойы ұлттық киім киюге үндеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз - ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты жаңғыртып, қоғамдық құндылықтарды нығайтатын жалпыхалықтық мереке.

Осы орайда, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына қарасты “Рухани жаңғыру” орталығы барша сырбойылықтарды “Ұлттық мерекеге ұлттық киіммен” атты этно-челенджді бастап, жыл сайын жаңғыртатын дәстүрге айналдыруды ұсынды.

"Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді өзіңнен баста!" ұранымен өтетін этно-челленджге аймақтағы мекемелер, тұрғындар өз үлестерін қосуда.

Айта кету керек, Амал мерекесінен бастау алған Сыр өңіріндегі мерекелік шаралар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, қайырымдылық шаралары, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, балалар үшін басты мерекеге айналдыру, қоршаған ортаны қорғау, қолөнер туындыларына қаморлық жасау бағыттарын қамтиды. Ал негізгі ірі шаралар 21-22 наурыз күндері аралығында өткізіледі.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 16 Наурыз, 2022 18:17
Талқылау