Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық жол жөндеушілер қардың үстіне асфальт төсеген

Қызылордада жол салушы жеке компания күн суытып, қар жауып тұрса да көшеге асфальт төсеген. Жауапсыз мердігердің ісіне наразы болған Қызылжарма елді мекенінің тұрғындары дереу құзырлы органдарға арызданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.  

жол

Арна мәліметінше, жергілікті тұрғындар көптен күткен көшенің жөндеу жұмыстары жоба бойынша жаздың ортасында аяқталуы тиіс болатын. Бірақ, құрылысты осы күнге дейін созып келген мердігер мекеме қарашаның қара суығында ұзындығы 1 шақырым болатын жолдың 450 метріне сапасыз асфальт төсеп үлгерген. 

Жылдар бойы көшенің жөнделуін күткен тұрғындар, қыс түскенде жұмыстың басталғанына аң-таң. Ауа райының қолайсыздығы былай тұрсын, асфальтты атүсті төседі дейді.

"Жер былшылдап жатыр, батпақ бәрі. Соның үстіне істеп жатыр. Оның сапасы бар ма, жоқ па білмейміз. Көргеніміз сол", - деді ауыл тұрғыны Әлдеш Бөгетов. 

Жоба бойынша бір шақырым жолға асфальт төсеу үшін 34,6 миллион теңге жұмсалған. Бірақ, ала жаздай бейқам жүрген мердігер кемшілігін мойындар емес.

Мердігер кінәсізбін дегенмен, жылжымалы зертханамен жолдан сынама алған мамандар өрескел олқылықтарды анықтап берді. Соған сәйкес, жөндеу жұмыстары тоқтатылды. 

"Күзгі мезгілде +10 градустан төмен қарай асфальт салуға болмайды. Оның үстіне ыстық асфальт жамылғысын. Негізі жоба бойынша 6 см салу керек, бірақ тексеру барысында 3,8 сантиметр шығып отыр. Битуммен өңдеу жұмыстары жүргізілмеген", - деді Ержан Усманов, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы. 

Тапсырыс берген ауыл әкімдігі мердігер мекемені сотқа берді. Жолдың талапқа сай болуын құзырлы орган өкілдері де бақылауда ұстамақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр