Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мұнай компаниясы 450 миллион теңгені мемлекетке қайтарды

Қызылорда прокуратурасы мұнай газ компаниясынан 450 миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Прокуратураның мәліметінше, қаражат аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалады.

"Саутс Ойл" мұнай-газ компаниясынан Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен сома өндірілді", – деп хабарлады облыс прокуратурасы.



Қадағалау органы тексеру кезінде жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарт міндеттемелерін орындамайтынын анықтады. Бұған сәйкес олар жыл сайын облыстың дамуына төлемдер енгізуге міндетті. Бұл бойынша прокуратура энергетика министрлігіне қадағалау актісін енгізді.

"Нәтижесінде "Саутс Ойл" ЖШС өңірдің дамуын қолдауға 450 миллион теңге көлемінде төлем жасады", – деп хабарлайды прокуратура.

Еске салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде мемлекетке 44,6 млрд теңгені қайтарғанын мәлімдеді.
 

Талқылау