Қызылордада балалар үйінен қашып кеткен үш тәрбиеленуші іздестірілуде
Қызылорда облысында "Атамекен" ауылдық үлгідегі балалар үйінің үш тәрбиеленушісі іздестірілуде. Жасөспірім қыздар белгісіз бағытқа кетіп қалған. Алдын-ала болжам бойынша, тәрбиеленушілер белгісіз ер азаматқа еріп кеткен болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің жеке құрамы іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Шараға ат салысып жатқан қала тұрғындары да бар. Жоғалған қыздар туралы қандай да бір мәлімет білетін облыс тұрғындары болса, тәртіп сақшыларына хабар берулерің сұраймыз", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері